Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Адвокат Евгений Яворский Арман Жұмагелдиевті қамауға алу себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Дикий” Арман лақап атымен танылған криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиев тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы оның адвокаты Евгений Яворский Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Мен оның адвокатымын деп келісімге қол қойдым. Қанша қылмыстық іс бар және болатыны белгісіз. Бірақ мен бұл жігітті бәріне кінәлі етіп көрсеткісі келетінін түсініп отырмын”,  — деп жазды Яворский.

BaigeNews адвокат Евгений Яворскийдің 24 қаңтардағы өтінішін қанағаттандыру туралы шешімді келтірді.

«Тергеуші Сәрсенбек Н., Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап, мынаны анықтады: 2022 жылдың 1 мен 10 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасының аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісіне қатысты ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — делінген адвокат Евгений Яворскийдің 24 қаңтардағы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулыда.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. «Дикий Арманды» ұстау сәтінің суреттері жарияланды. 11 қаңтарда Арман Жұмагелдиевтің сот шешімімен 2 айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Рубрика: