Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлының туған күнімен құттықтап, кішкентай күніндегі қызықтарымен бөлісті. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды. 

— 22 жасымда алғаш ана атандырып, тұла бойымды жарып шыққан тұңғышым -Бекболатым. “Уызға жарып өскен” деп үш жасқа дейін емген баланы айтуға болатын шығар. Өте ерке өсті. 8 жасқа дейін үйде бір өзі болды. Жоқ дегенді білмеді. Әкесі роддомнан алып шығуға келгенде түйе, аққу, синтепоннан үш комплект әкеліп, дәрігерлерді таңқалдырған. Қуанғаны соншалық менің киімімді ұмытып кеткен ғой. Қыс ішінде үй тәпішкесімен, біреудің дубленкасын, бас киімін киіп шыққанмын. Бұл қызықтың басы. Үйден шығарда 3 кг честнокты турап, 3 бөлмелі үйге жағалай қойып шыққан ғой. Вирустан қорғағаны:) Енді үйге кірейік десек ащы иіс бүкіл подъезді алып кеткен. Тұншығып қала жаздап.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Терезе ашып желдеткенше 1 сағаттай үйге кіре алмай есік алдында тұрғанбыз. Ой бұл жігіт не істемеді. Еске ала берсем тұнған приключение. Жүріп бастаған тынымсыз кезі. Бірде дүкеннен зат алып, ақшасын төлеп болғанымша, жанымда тұрған бала зып беріпті. Бүкіл гастрономды көтеріп, ел болып іздеп жатырмыз. Жоқ. Қарамаған жеріміз қалмады. Жүгіріп отырып дүкеннің артқы жағындағы үйлердің ауласында ойнап жүрген көп баланың ішінен қарадым. Таппадым. 15 минут 15 сағаттай болған шығар. Жүрегім ауызымнан шығып кетердей! Келесі үйдің ауласынан бірақ шықтым.

Қарасам сап-сары боп көп балалармен топырақтың үстінде ойнап отыр. О Алла! Сондағы түрімді көрсеңіз ғой.Құшақтап еңіреп жылай беріппін. Сүндетке отырғыздық. Достар көрімдікті үйіп тастады.

Бір бөлме ойыншыққа толды. Mен дастарқан жайып жүгіріп жүрмін.

Бося ақшаларын көрсетіп «миллионболды” деп мақтанып отырған. Көзді ала бере зып беріп аулаға шығып кетіпті. Көйлекшең. Байқамай да қалдым. Қонақтарды шығарып салып, ұлымды іздеп аулаға шықтым. Қарасам двордың балаларында праздник. Не болды деп ойлайсыз?! Ой Алла-ай, уақыт деген… Жазып отырып сол күндерге барып келдім. Жалғасы бар мұның. Мынау жерге сыймай қойды. Жалғасын тағы салармын. Қызық па сізге өзі. Әлде өзіммен өзім сөйлесіп отырмын ба? — деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

 

www.oinet.kz

 

 

 

Рубрика: