Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу — «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі. «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында 10 адам бар: 7 азаматтық қоғам өкілі және қордың 3 өкілі. Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады. Болат Жәмішев Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Экономика ғылымдарының кандидаты», — делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы 

 

 
 

Рубрика: