АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов отау құрды[:]

[:kz]

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Сәкен Бибосыновтың жарының есімі – Назира. Ол Ордабасы ауданы Аманкелді ауылының тумасы. 

«Қалыңдығымды кеше ұзатып алып келдім. Алда той болады, соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын», — деді Сәкен Бибосынов.

[:]