Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Батыс Қазақстан облысындағы жағажайлардың бірінде ерекше кеш өтті. Кешке жиналғандар жалаңаштанып, би жарысын өткізген. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zkoonline мәліметінше, видео БҚО орталығындағы Желаево карьеріне жақын маңда орналасқан жағажайлардың бірінде түсірілген. Видеода жартылай жалаңаш жігіттер мен қыздар би билеп, жарыс өткізіп жатқаны көрсетілген. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін видео әлеуметтік желі шартын бұзғаны үшін өшірілген.

 

Алайда жазбаға Желі қолданушылары қалдырған пікірлер сақталып қалған.

«Мұндайды неге көрсетесіңдер? Жастар ойына келгенін істейді. Жұрт алдында жалаңаштанып, ұят қайда?» — дейді олардың бірі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға Бәйтерек ауданында орналасқан жағажайлардың бірінің аумағында болғанын хабарлады.

«Іс-шараға қатысқандардың бәрі анықталып жатыр. Ақпарат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат беріледі», — деді полиция өкілі.

Сондай-ақ, құқық қорғау органының қызметкерлері кешке қатысушылардың іс-әрекеттерінде Әкімшілік кодекс бабы бұзылғаны байқалатынын айтты.

  •  

Рубрика: