Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

26 тамыз күні Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші Асыл Мұхамеджанов журналистерге сұхбат берді. Оның айтуынша, әскери бөлімдегілер қоймада жарылатын ештеңе жоқтығын мәлімдеген. Осыдан соң өрт сөндіруші басшыларынан бұйрық күтіп, кейін бірнеше адамның өмірін жалмаған жарылысқа тап болған. Бұл туралы baigenews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінде ауруханада жатқан Асыл Мұхамеджанов Байзақ ауданындағы өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @baigenews

Асыл өрт жалмаған әскери қоймаға алғашқылардың бірі болып барған.

«Бізге өрт туралы дабыл түскен бойда сол жақты бетке алдық. Су беру туралы бұйрық түскен соң, өртке су шаша бастадық. Бірақ өртті сөндіру мүмкін еместігін байқадық. Әскери бөлім ішіне кіргенімде, сондағы мамандардың дабыл қағып жүргенін көрдім. «Өртті тезірек сөндірейік», -деді. Өздерінің су шашатын танкісі тұр екен, оған су толтырдық, бірақ, бәрібір болмады. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Сол жерде жүрген әскери адамдардан басшысы кім екенін сұрадым. Біреуі келіп басшы екенін айтты, атын білмеймін. Шенін де білмеймін, сержант немесе майор шығар. Есімде жоқ. Әлгі әскери адамнан: «Бұл жерде жарылыс болмай ма? Тағы да жарыла ма?», — деп қайта-қайта сұрадым. Ол: «Ештеңе жарылмайды», — деді. Содан соң біз қайта шығып, басшылардан бұйрық күттік. Көп өтпей бізге қайтадан су беру туралы бұйрық келді де, мен әскери бөлімнің артына қарай бара жатқанмын. Сол кезде қайтадан жарылыс болды. Кейін не болғаны есімде жоқ. Маға жарылыс болмайтынын айтқан адамның да кім екенін білмеймін», — дейді Асыл Мұхамеджанов.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: