Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Оянатын уақытымыз келді! Біз бүгін жауларымыздың тыныш жатпайтынын көріп отырмыз. Олар біздің жастарымызға өздерінің орынсыз құндылықтарын насихаттай жүріп, оларды жолдан тайдырып, азғыру жұмыстарын жүргізуде». Бұл пікірді белгілі продюсер Нұртас Адамбай өзінің фейсбук парақшасында жариялады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Біздің халыққа оянатын уақыт келді! Біз шын мәнінде өзіміздің кім екенімізді және біздің ата-бабаларымыздың кім болғанын еске алатын кез келді! Жаратқан Иеміз бізге қандай жерді сеніп тапсырды? Біз балаларымызға нені үйретуіміз керек? Оларға қандай үлгі көрсетуіміз керек? Аллаһтың қалауымен қай жолдан жүріп өтуіміз керек! Құдіреті шексіз Жаратушының қалауымен, жеріміз бен ұрпағының болашағын қорғау үшін өз өмірлерін сарп еткен батырларымыздың даңқы кең даламызда асқақтауда. Жаратушыға бойұсынып, шыдамдылық танытқан халқымыз ең ауыр сынақтар мен қиыншылықтарды басынан өткерді! Оянатын уақытымыз келді! Жаратқанға сенім арта отырып, біз өз мәнімізді тауып, өзімізге қайта оралуымыз керек! Біз бүгін жауларымыздың тыныш жатпайтынын көріп отырмыз. Олар біздің жастарымызға өздерінің орынсыз құндылықтарын насихаттай жүріп, оларды жолдан тайдырып, азғыру жұмыстарын жүргізуде. Олар азаматтарымыздың либералдық құндылықтарын қорғайтындай көрініп, қараны ақ деп алдау арқылы және осыған бізді сендіру үшін үлкен күш салып келеді. Алайда, олар бір нәрсені ескермей отыр. Ең маңыздысын, ескермей отыр деп айтуға болады. Бізбен Аллаһ бар дегенді! Ол әрқашан бізбен екенін!  Киелі Құранда Жаратушы «Қиындықтан кейін, жеңілдік келеді» деген. Қиыншылық заман артта қалды. Керемет бастамаларға дайындалуымыз керек! Оян, қазақ!», — деп жазды ол. 

«Адырна» ұлттық порталы 

Рубрика: