АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Біздің ерлер әйелден қорқады»: Танымал актер қазақ жігіттерінің мінін бетіне басты [:]

[:kz]

Танымал қазақ актері Асқар Ілиясов YouTube платформасындағы Тимур Балымбетовтің «Ашығын айтқанда» бағдарламасына қонақ болып, өзінің өміріндегі өзгерістер туралы баяндады. Бұдан бөлек, әңгіме барысында актер қазақстандық ерлердің басты қорқынышы туралы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асқар Ілиясовтың айтуынша, қазіргі қазақстандық еркектердің әйелдерді басып-жаншуы олардың бойындағы қорқыныштың салдары. «Әйелдер өте мықты, жан дүниесі бай болып келеді. Ал еркек олардың алдында әлсңз болып көрінбеу үшін, бойында күшін пайдаланып әйелдерді басып-жаншығысы келеді.

Сондықтан біз қоғамда қазір орын алып жатқан жайттарға куә болып отырмыз. Біз толыққанды емес қоғамда өмір сүріп отырмыз. Мұның барлығы еркектердің қорқынышынан туындап отыр. Феминизмге деген қорқыныш», — деді ол. Еске салсақ, осыған дейін отандық публицист, философ, қоғам белсендісі Әбдірашит Бәкірұлы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында «тоқал алуды» үгіттейтін «діншілдерге» қарсы шыққан болатын. Ғалымның пікірінше, тоқал алу арқылы елдегі демографияны көтеру мүмкін емес, бірнеше әйел алумен қоғамдағы өзекті мәселелер шешілмейді.

Оның айтуынша, бірнеше әйел алуға құмарлық ер адамдарға тек арқылы келеді. Сондықтан, молдалар көп әйел алуды емес, берекелі отбасы құндылығын насихаттауы керек. Өз жазбасында ол, сонымен бірге, балаларын тірі жетім қалдырып, ажырасып кететін «діншілдерді» сынап тастаған болатын. «Бірлі-жарым позитив «тоқалдық» бізге үлгі болмауы тиіс!»,- деп мәлімдеген ғалым бұл қазақстандық еркектердің қасіреті екенін де атап өткен.

kaz.nur.kz

 

[:]