Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 24 наурызда Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ердоған өз сөзінде Ресеймен де, Украинамен де дипломатиялық қарым-қатынаста екенін атап өтті.

«Біз екі тараппен де дипломатиялық байланыстамыз, барлық ұсыныстарды талқылап, бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық бастамаларды қолдаймыз… Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайды. 2014 жылдан бастап біздің еліміз Украина халқы мен Үкіметіне толық қолдау көрсетіп келеді. Біз Қырымды оккупациялауды мойындамаймыз және кез-келген жағдайда өз позициямызды қайталаймыз… Ресей мен Украина-біздің көршілеріміз. Біздің Украинамен қарым-қатынасымыздың ұзақ тарихы бар, олар көпжақты ынтымақтастыққа негізделген және стратегиялық серіктестікке қол жеткізді. Ресеймен қатынастар өзара қауіпсіздік және диалог қағидаттарына негізделген», — деді Түркия президенті.

Ердоған алдағы уақытта соғыс қимылдарын тоқтатуға барынша қамданатынын атап өтті.

«Түркия 11 жыл бойы Сирия соғысының ауыртпалығын жалғыз өзі көтеріп келеді. Біз әскери қақтығыстар нәтижесінде туындайтын гуманитарлық проблемаларды жақсы білеміз. Осы себепті түрік дипломатиясының бірінші міндеті – соғыс қимылдарын тоқтату. Украинадағы бейбітшілік екі ел мен әлемдік қауымдастыққа сәйкес келетін формула бойынша қамтамасыз етілуі керек. Бұл тұрақты және берік бейбітшілік болуы керек… Біз 63 мыңнан астам бейбіт тұрғындарды соғыс жүріп жатқан аймақтардан қансыз көшіруге қол жеткіздік. Түркия азаматтарының негізгі қажеттіліктері үшін гуманитарлық көмекпен бірге 56 жүк көлігін жіберді. Біз 60 мыңнан астам Украина азаматын қабылдап, өзімізге паналаттық. ЕҚЫҰ-ның Украинадағы бақылау миссиясының 142 мүшесі Стамбул арқылы эвакуацияланды. Түркия соңғы 8 жылда 5 миллион босқынды қабылдады, бұл әлемдегі кез келген елде қарағанда көп. Түркия белсенді және принципті саясат ұстануда. Біздің саясатымыздың басты шарты – НАТО аясындағы Еуро-Атлантикалық кеңістіктің қауіпсіздігі… Біз НАТО саммитінде қабылданған шешімдердің үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын, ешкімді қорқытпайтынымызды барлық елдерге жеткізуге міндеттіміз», — деп мәлімдеді Режеп Тайып Ердоған.

Сонымен қатар ол Украинадағы әскери қақтығыстар әлемдік тәртіптің, халықаралық құқықтың тиімсіздігін көрсеткеніне тоқталды.

«Біздің күш-жігеріміз әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Түркия альянстың қағидаларына адал және оны сөзбен емес, іс жүзінде көрсетуде. Біздің әскери өнеркәсібіміз сапалы жаңа деңгейге көтерілді, бұл әскери әлеуеттің кеңейгенін көрсетеді. Біздің кейбір әріптестеріміз енгізген әскери өнеркәсібімізге қатысты шектеулерді алып тастайтын кез келді… Сириядағы, Ливиядағы, Йемендегі, ал қазір Украинадағы әскери қақтығыстар әлемдік тәртіптің, халықаралық құқықтың сынғыштығы мен тиімсіздігін тағы бір рет айғақтайды. Бұл БҰҰ-да, оны қадағалайтын ұйымда жиі байқалады. Жаһандық қауіпсіздік архитектурасы, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі маңызды реформаларды қажет етеді», — деп толықтырды сөзін Түркия басшысы.

«Адырна» ұлттық порталы 

Рубрика: