Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Интернет қосылған сәттен алғашқы ойымды жазып отырмын.
Қазір өкпе қуатын, бәле іздейтін уақыт емес.
Тәуелсіздікті, елдікті сақтап қалу үшін, мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, Тоқаевпен бірге толғанып, ел қорғаған құзырлы ерлермен бірге қамданатын уақыт.
Кім жаза басты, неден басталды деп уақыт жоғалтпай, әуелі есік-тереземізді бекітіп, туымызды биік ұстап, шын мағынасындағы ауызбіршілік көрсететін кез келді, ағайын!
Қара жамылған отбасылар, зар еңіреген аналар, қыршынынан қиылған балалар…
Әлем бір уыс екен. Халықаралық террористер арамызда жүр. Біз-біріміздің артымызды аңдып жүргенде олар біздің әлсіз жерімізді аңдыған екен.
Аңқылдаған қазақ арандап қалдық. Елдің ниеті түзу еді. Алаңға барам да қайтам деген қазақ еді. Арты не болды?!
Алла сақтасын!
Бұл күндер де өтер, бұл үрей де бітер…
Бірге болайық, ағайын.
Аманат арқалаған мемлекет басшысымен бірге көк туды, ауыр жүкті бірге көтерейік

alashainasy.kz

Рубрика: