Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейлік «Бірінші арнаның» кезекті жаңалықтар шығарылымында плакат ұстаған қыз тікелей эфирге кіріп кетті. Ол соғысты тоқтатуға шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сіздер күтпеген кибертерроризм. «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне саяси мәселе жазылған плакат ұстаған қыз кіріп кетті. Жаңалықтар шығарылымын тоқтатқан жоқ.

Біздің дерегімізге сәйкес, эфирге шыққан қыз – қалалар бөлімінің редакторы. Есімі Марина Овсянникова. Қазір ол тұтқынға алынды, онымен ішкі істер департаменті сұхбаттасып жатыр», – делінген Mash Instagram парақшасында. 

 

Кейін «Бірінші арна» қызметтік тексеріс бастаған. 

«Время» бағдарламасының тікелей эфирінде расымен кадр сыртында оқиға болды. Қазір тексеріс жүріп жатыр», — деді телеарна баспасөз қызметіндегілер. 

Тікелей эфирге дейін Овсянникова бейнеүндеу жариялаған.

«Қазір Украинада болып жатқан нәрселер – қылмыс. Ресей – басқыншы мемлекет және бұл агрессияға тек бір адам жауапты. Ол – Владимир Путин», – деді ол өз үндеуінде. 

Овсянникованың сөзінше, анасы – украин, әкесі – орыс. Олар ешқашан «жау» болмаған дейді. Сонымен қатар ол Ресейің тез арада бауырас елдегі соғысты тоқтатуы керек екенін мәлімдеп, ресейліктерді соғысқа қарсы митингке шығуға шақырды. 

«Біз 2014 жылы барлығы енді басталғанда үнсіз қалдық, митингке шықпадық. Кремль Навальныйды улағанда да үнсіз бақылап отырдық. Қазір бүкіл әлем бізден теріс айналды. Енді біздің ұрпақтарымыз да бауырлас елдегі соғыс масқарасынан тазара алмайды», — деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Зеленскийдің кеңсесі Ресей мен Украинаның келісімге келетін мерзімін атаған еді. 

 

Рубрика: