Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Шымкенттің дендрология саябағында біреуінің құны 9 миллион теңгеге бағаланған дәретханаларды әкімдікке қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орнатқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  КТК телеарнасына сілтеп.

Телеарнаның хабарлауынша, аз қамтылған отбасыларды қолдауға деп жиналған демеушілердің ақшасына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы дендросаябақта тұрған дәретханаларды сүріп тастап, орнына 5 әжетхана қойған. Оның әрқайсысы қаңылтырмен қапталған. Ерлер мен әйелдер жағында бір-бір бөлігі істесе, мүгедектерге арналған есіктері жабық. Ыстық су ақпайды. Тоққа қосатын сымдарының кей жері күйіп кеткен.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аталған дәретханаларға қатысты мән-жайды түсіндіруді жөн деп таппаған. Арнайы хат талап еткен.

Алайда телеарнаға модульдік әжетханаға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пікір білдірген.

«45 миллиондық қаржыға дендрология саябағына бес модульдік әжетхана орналастырылады. Ол әрқайсысы 9 миллион теңгеден, бір бөлмелі пәтердің құнымен бірдей. Бұл бюджеттік қаржы емес. Бірақ сонда да ол кәсіпкерлердің, меценаттардың қаржысы болғандықтан, бұны мақсатты, тиімді түрде пайдалану қажет», — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жани Қамбар.

“Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: