Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жанжалды турнирде болған полицейлер тоқтатты және кейін жағдайды анықтады.

Нұр-Сұлтандағы аралас жекпе-жек турнирінде жаппай төбелес болып, оқиғаның видеосы желіде тарады. Осыған байланысты Vesti.kz тілшісі Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясынан пікір алған.

«Роликті өз арнасында жариялаған адам оны сипаттай отырып, Қазақстан чемпионаты аясында болды дейді. Бірақ, бұл кішкене басқаша. Турнир қалалық ашық жарыс еді. Автордың сөзінше, жанжал бір бапкер екіншісіне пышақ сілтегеннен шыққан-мыс.

Иә, жарыста болғандар арасында жанжал шықты, бірақ, ешқандай пышақтау болған жоқ. Бұл жағдай ойдан шығарылған. Оның үстіне мұндай деректі осы шарада тәртіпті қамтамасыз еткен ішкі істер органдары бірден тіркейтін еді. Ал техникалық регламентте залға кірмес бұрын көрермендер мен барлық қатысушаларды тексеру қарастырылған.

Жанжалды турнирде болған полицейлер тоқтатты және кейін жағдайды анықтады. Төбелеске не себеп болғаны бізге беймәлім. Айта кетейін, жұдырық ала жүгіргендер бапкер де, спортшы да және біздің федерация қызметкерлері де емес.

Турнирді Нұр-Сұлтанның жауынгерлік аралас жекпе-жектің біріккен федерациясы ұйымдастырды және өткізді, жарыс қалыпты тәртіпте аяқталды», — дейді Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко.

Рубрика: Без рубрики