Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ел ішіне танымал емші Амангелді Еңсебаев дуаланған адамның қандай болатынын және дуаны қалай тез анықтауға болатынын ашып айтты. Бұл туралы ол Замана басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Мәселен, бұрын-соңды жұмысы жүріп тұрған, жап-жақсы өмір сүріп жүрген адамның ойламаған жерден ісінде берекесіздік пайда болуы мүмкін. Бойын ашушаңдық жайлап, отбасымен араздасып, туған-туыспен аралары ашылуы мүмкін. Дуаланған адамның басты белгілерінің бірі осы. Адамның өмірінен құты қаша бастайды. Одан бөлек адамның бойында дуаның бар-жоғын жеңіл тексеретін тағы бір әдіс бар. Кәдімгі жалпақтау келген алтын сақинаны алып, айнаға қарап тұрып, сақинаның алтын жағымен батырыңқырап бетіңізді сызыңыз. Негізінен алтын сақинадан адамның денесі қараймайды. Егер сізде тіл-көз, зиянкес, лас энергия бар болса, бойыңыз таза болмаса, бетіңіз күйе жаққан сияқты қарайып қалады. Бұл – адам бойында дуаның бар-жоғын анықтаудың бір ғана тәсілі», — дейді Еңсебаев.

Сондай-ақ, емші дуадан қалай тазалануға болатынын айтты. «Егер адам дуаланған болса, оны 5-7 немесе 9-11 күн тазалау керек. Тазалануға қажетті арнайы заттар бар. Сол затқа 40 минут бойы дем сала отырып оқып, оны адамның өзіне беріп жіберемін. Ол оны бірнеше күн бас жағына қойып жатады. Содан соң оны күн сайын маған суретке түсіріп жіберіп отырады. Сол кезде ішінен түрлі бейнелер байқалады. Біреулерге шаш, біреулерге крест, біреулерге адамның түсініксіз сұлбалары түседі. Әркімде әрқалай. Осы белгілерге қарап, дуаның бетін қайтарамыз», — дейді халық емшісі.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: