Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Беташар кезінде ортадағы табаққа аяқ киімінен алып шыққан ақшасын салған жас жігіттің қылығы желі қолданушыларының талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа түскен келіннің бетін ашу салтанатындағы видео TikTok желісінде тарап кетті. Онда күйеу жігіттің Шадияр есімді досы беташар қонақтарының көңілін көтеру үшін бұрын-соңды ел көрмеген әрекетке барған. Видеода ол ортаға билеп шығып, қалтасынан көрімдікке ақша іздейді.

Алайда ақшаны қалтасынан емес, аяқ киімінің ішінен алып шығады. Шадияр табаққа шұлығының ішінен 2000 теңге және аяқ киімінің түбін қағып тағы тиын салған. Жас жігіттің қылығын асаба бастан-аяқ баяндап тұрады.

Беташар қонағының бұл әрекетіне тойға жиналған қауым ду күлген. Желі қолданушылары Шадиярдың «тапқырлығына» екіұдай пікір білдіруде. «Дос деген осындай болсын, қуанғанын көрсете білген. Шұлығынан шығарса, қызық болсын дегені шығар», «Жарайсың, бір көңіл-күйді көтердің», «Не әдепсіздік, беташардың өзіндік салтын жоғалтпаңдар», «Бәрі көңіл үшін, көңілді болып тұр», » Естімеген елде көп, жігіттер, жарайсыңдар, қызықтырып жатқан», «Ерсі көрінеді», «Дәстүрді мазақ қылмайық», — деп жазған желі қолданушылары. Видеоның Қызылорда облысы Құттықожа ауылында түсірілгені айтылады.

 

Рубрика: