Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бес бала далада қаңғып қалды.

Алматыда үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген бес балалы ана Ағайша Бесенбаеваның мәселесі жуық арада шешілмейтін секілді. Өзін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қарындасы деп атайтын келіншектің жағдайын үнемі назарда ұстап келе жатқан журналистердің жазуынша, Ағайшаның «Бердібек көкем (Сапарбаев) менің жағдайымды білмей отыр, ол ағам  мейірімді, қайырымды еді…» деп Таразға барған сапарынан еш нәтиже шықпаған деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Ораз Әлімбековтің жазуынша, облыс әкімі Сапарбаев қабылдап, қарындасына бір көмегін беретінін айтқанымен мәселе сол күйінше шешілмей қалған. Керек болса, «біз жазып берген мәтінді оқып видео түсіріп берсең болды, барлық мәселең шешіледі» деп көп балалы ананы деп алдап кеткен. Сөзіне дәлел ретінде журналист Ағайшаның кезекті видеосын жариялаған. 

«Мынау тексті оқып видео жазып бересең, проблемаңды шешіп береміз» деп алдап кеткен. Текстің түрі мынау Ағайшаға оқытып алған: «Мен Ағайша (толык аты-жөні, бүгінгі күн).

Мен блогерлер мен журналистердің алдап, арбауына түсіп қалдым. Қазіргі қиын жағдайымды пайдаланған олар Сапарбаев Бердібек Машбекұлының үстінен шағымданып, оған жала жапсам маған үй берілетіндігін айтып сендірді. Мен басымда үйімнің жоқтығынан, қиналып жүргендіктен амалсыз келісіп, айтқандарын істедім. Бірақ бұл ісімнің дұрыс еместігін қазір түсініп отырмын. Менің кесірімнен жазықсыз жапа шеккен жандардан кешірім сұраймын!», — делінген видеода. 

«Бердібек Сапарбаев көпбалалы қарындасы Ағайшаны алдап кетті.

Бес бала далада қаңғып қалды. 
Үйсіз-күйсіз балалардың кішкентай екеуі суық тиіп қатты ауырып жатыр. 

«Балаларым тәуір болса, көрпе-төсегімді арқалап Таразға — Бердібек көкеме барам, тым болмаса облыстық әкімдікте түнеп, сол жерді паналаймыз» дейді әбден ашынған Ағайша», — деп жазған журналист Ораз Әлімбеков өзінің facebook парақшасында.
 

 

Рубрика: