Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.


Жалпы бас-аяғы менде мініске 6 ат, асыл тұқымды жылқыларым да бар, деді журналист сұрағына жауап берген депутат.

Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан асыл тұқымды жылқыларының бағасын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Асыл тұқымды қымбат жылқылар ұстайды екенсіз. Олар сыйлық па, әлде өзіңіз сатып аласыз ба? Қораңыздағы ең қымбат жылқының құны қанша?», — деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қызметінде «Бәйге түрлері бойынша Елбасы кубогына республикалық турнир өткізу туралы» баспасөз мәслихатында.

«Асыл тұқымды жылқыларым бар. Лаулат дейтін қостанай айғыры бар. 900 мың теңгеге сатып алдым. Одан кейін Салкүрең дейтін атым бар, ол да қостанай жылқысының тұқымы. Өте төзімді ат, оны 550 мың теңгеге алдым. Сосын Шешенстандағы таныс бауырларым ағылшын тұқымдас жылқы сыйлады. Ол да келешекте бәйгеге қосылады. Менің естуімше, құны 8 мың еуроның маңайында (қазіргі бағам бойынша 4 миллион теңге шамасында – Sputnik). Бірақ ана жақтағы бауырларым қазақтың ұлттық спортына, жеке өз басыма құрмет көрсетіп, сыйға тартты», — деді Тілеухан.

 

Алдыңғы жылы Бақторы дейтін ат болды. Құнын білмеймін. Оны да Нұрбол Болатұлы сыйлаған болатын, деп толықтырды депутат.

Сонымен қатар, айтуынша, жай мініс, аңға шыққанда мінетін аттары бар.

«Олар енді қымбат ат деп айта алмаймын. Жалпы бас-аяғы менде мініске 6 ат бар», — деді ол.

 

Рубрика: