Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «екі сиыр ал да, өзіңді асыра» деген сөзі ел арасында қызу талқыланып, тіпті әзіл-әжуаға арқау болған еді.

Мұны Бекболат Тілеухан «қоғамның Назарбаевқа жасаған опасыздығы» деп бағалаған. Депутат осыған қатысты пікірін айтты. 

«Заманында көп нәрсенің қадірін білмейміз. Көп адамға ұнамайтынын білемін.

Бірақ ұнамайды екен деп өзім иланған ақиқатты жасырып қалмаймын. Назарбаев – ұлы саясаткер. Маған: «Тұғырдан кеткеннен кейін, неменеге оның сойылын соғасың?» деп ақыл айтатын адамдар бар. Мен сойылын сойып жатқан жоқпын.

Тарихи әділдігін, өзімнің көзім жеткен шындығын айтып жатырмын. Кез келген нәрседе әділ болуымыз керек. Бізде пәлендей келешек, үміт болған жоқ. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, немісің бар, орысың бар, неге қашты? Көп адам осыны білген кезде, соны ұстап қалған адам – Назарбаев. Керек кезінде тәуекелді, қатал қадамдарға барды. Парламентті таратып жіберіп, бүкіл нәрсені мойнына алып, қаншама заңдарды шығарып, реформаны бастап жіберді.

Бастаған соң, шатасады. Ол – пенде, Құдай емес, пайғамбар емес. Шатасқанмен, негізгі курстан шатасқан жоқ. Жанын шүберекке түйді.  2018 жылы Каспийге талас болған кезде Қазақстанның мүддесін алып шықты. Ол тек қана Назарбаев сияқты ұлы саясаткердің қолынан келетін нәрсе. Көп адам оның бағасын біліп жатқан жоқ. Біз 2020-2021 жылы оған баға бере алмаймыз. Назарбаевтың қадірін 2040-2045-те білуіміз мүмкін. Соншама дәрежедегі елдің ақсақалын мазақтап, масқараға ұшырату қоғам тарапынан опасыздық болды. Сына, бірақ мазақтауға болмайды. Ол сөзім үшін мен жауап беремін», – дейді Бекболат Тілеухан.

 

www.oinet.kz

 

Рубрика: ,