Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zhasulan.abdihalyk-тың парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеода Бердібек Сапарбаевтың қарамағындағыларды ашумен сөккені көрініп тұр. 

«Жетпіске келген әкімнің аузынан жөн сөз шықпайтын болды. Өткен жолы ғана «иттерден неге сұрамайсыңдар, олар қаба ма қаппай ма» деп бір масқара болған еді..
Бұл жолы бүкіл елдің көзінше білдей аудан әкімін «бейшара» деді. Алжыған шығар деп айтуға ауыз бармайды. Алайда ақсақалдың айтар сөзі бұл емес. Мемлекеттік қызметкердің этикасын былай қойғанда, адами тұрғыдан дұрыс емес. Қарамағындағы кадрдің намысына тию, қорлау! Ашуың келсе оңаша кабинетте боқта, ұрыс, сойып ал. Бірақ, журналистер қатысқан ашық жиында мұндай сөз айту әбден есіргеннің белгісі. Мен білетін Алихан Балқыбеков «бейшара» емес. Осы облыстың отымен кіріп күлімен шығып жүрген еңбекқор азамат! Ұл өсіріп, қыз ұзатып отырған үлгілі отағасы! Бүкіл елдің алдында бұлай қорлауға болмайды!
Сондықтан Сапарбаев, артық айтқан сөзі үшін аудан әкімінен кешірім сұрауы керек!
Ал, осы видеоны қадағаламай көпшілікке шығарып жіберген пресслужбасын пісіріп жесе де өзі білсін. Қанша рет айтып келемін, Сапарбаевты айналасындағылар қартайған шағында жұртқа жексұрын етіп бітетін болды», деп жазды. 

«Баяғыды Мирзияев бір облыстп əкім боп тұрғанда мақта жоспарын орындамаған аудан əкімдері мен совхоз директорларын боқтап, жатқызып қойып тепкілейді екен. Сапарбаев та сол заманның қысымын көріп күріш үшін талай құқайды көрген болса, тазы ашуын тырнадан алады дегендей əрекеті болар.))», «Мына сөздің жанында Епт…жақсы екен ғой», «Мемлекеттік қызметке өтетін тест тапсырғанда сол сұрақтар келеді. Ар-намыс кодексінде келтірілген этиканы сақтамаған. Әдепсіздік болған екен. Қайтадан өткізу керек тесттен», деген пікір қалдырды оқырмандар.

 
 

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әкімнің өлген ит үшін де қарамағындағыларды сөккені туралы жазған болатынбыз. 
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Рубрика: