Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жан Медетбеков Қарағандыда маникюрмен айналысып жүрген жалғыз ер адам. Қолына пилка алып, лак жағуды ол жақында кәсіп қыла бастады. Ал бұл мамандыққа келуіне өзінің әйелі түрткі болған деп жазады saryarqanews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Жан Балқаш қаласында дүниеге келген.

Оның негізгі мамандығы – металлург. Алайда, жарақатына байланысты бұл салада бір жыл ғана жұмыс істеген. «Жұмыс кезінде жарақат алып, денсаулық жағдайыма байланысты басқа салаға бет бұруға тура келді. Шыны керек, әйелімнің арқасында бұл салаға кездейсоқ тап болдым. Бірде ол қолына лак жағып беруімді өтінген еді, кейін менің икемім барын байқады. Осыдан соң, маникюр шебері ретінде жұмыс істей бастадым.

Иә, кезінде әйелдің жұмысы, еркектің жұмысы деп мамандықтарды бөле қараған адамдардың бірі мен едім. Өмірде адамдар түрлі жағдайға тап болады екен», — дейді ол. Алғашында ол тек таныстарына ғана маникюр жасап, өзінің қызметін көп жария қылмаған. Жақыдары Жанның маникюр маманы екенін сегіз ай өткен соң біледі. «Әрине, алғаш естіген кезде барлық туыстарым таң қалды. Ал анам бірден қолдау көрсетті. Бауырларым басында түсінген жоқ. Енді әр адамның жеке көзқарасы бар емес пе? Клиенттерім бар, жаман емес.

Көпшілігі бір-бірінен естіген. Ал жаңадан келген клиенттер қақ алдында ер адамның отырғанын көргенде, таң қалып жатады. Маникюр жасайтын ер адамның қандай екенін көру үшін де келетіндер бар. Бірақ барлық клиенттерім де менің жұмысыма риза боп кететін», — дейді ол. Болашақта Жан Медетбеков мамандығын ауыстыратынын жасырмайды.

Бұл салада табыс көп болғанымен, кемшін тұстары да аз емес. Әсіресе, лактың исі мен қозғалыссыз бір орында отыру оған көп ұнамайды.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: