Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Түркістан облысының тұрғыны Құрмет Талапқазы мал аштан қырылып жатқан өңірлерге шөп жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. 24 жастағы жігіт алты вагон шөп пен тығыздалған жоңышқа дайындап қойыпты. Алайда әлі де малға қорек жетіспейді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Құрмет Талапқазы Шымкентте саудамен айналысады. Аштан қырылған мал туралы жаңалық ауыр тигенін айтқан ол іске кірісуді ұйғарыпты. Достары мен еріктілерді жинап, шөп шабуды бастап кетіпті. Қаражат жинауға да кіріскен екен.

«Халқымның жағдайы нашар, әсіресе шағын шаруашылықпен айналысатындарға қиын заман туды, соған құлазып жүрмін. Көмек бастап кеткеніме қуанамын, әрине, бірақ бұл мақтану үшін емес, қуанудың орнына іске кірісу керек, жұмыс көп. Ата-әжелер көзіне жас алып, алғысын жаудырып жатыр, батасын берді. Бірақ рақметін күтпеймін, әрбір қазақ, өз елінің азаматы менің ісімді жасар еді. Қазір бәрін жиналып, көмектесуге шақырамын», – деп мәлімдеді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от құрмет (@kurmet2856)

Құрмет Талапқазы осымен екінші апта бойында барлық ісін тоқтатып қойып, шөп шабуға кіріскен, теміржолшылермен жүк тасымалдауға келісім жүргізіп, меценат іздестіріп жатыр. Осы күнге дейін алты вагон шөп жинап, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарының аудандарына жеткізумен айналысып жатыр.

«Қарапайым халқымыздан 1,6 миллион теңге түсті. Бұл қаражат толықтай жұмсалды. Бір вагонға жалпы 610 мың теңге қажет еді, бірақ біз бағасын 380 мың теңгеге дейін түсіруге келістік. Жетпегенін қарызға алдық. Бұл қаражаттың бәрі халықтыкі, ірі бизнесмендердің ешқайсы әзірше қыруар ақша жібере қоймады. Көмектесеміз деген, бірақ әлі жоқ», – деді ол.

Жігіт алты вагон шөп ұзаққа жете қоймайтынын айтады. Қысқа да мал азығын іздеу керек.

«Қазақстанның батысын шөппен қазір қамтамасыз етпесек, қыста мал қырылады. Қыста тіпті батыста ғана емес, оңтүстікте де, Қызылорда мен Аралда да мал қырылады. Келесі жылы шөп те қымбаттайды, ет те. Қазір еттің келісі екі мың теңге болса, келесі жылдары 7-10 мың теңге болады. Сонда бізде экономикалық үлкен дағдарыс болады. Күз бен қыс келмей тұрып, шөп әзірлеуіміз керек. Әр облыстан 10-15 вагоннан жіберсек жақсы болар еді. Қазір Түркістан мен Шымкентте Қазығұртқа, Қаратауға және Созаққа барар жолдағы даланы шауып жатырмыз, сосын Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысына шөпке барамыз», – деп мәлімдеді ол.

Құрмет қатарына көп адам қосылғанын да айтып отыр. Қазір басты проблемасы – көлік пен жұмысшылардың жоғы.

«Көбінен ауыл адамдары көмектесіп жатыр, түк шөп беріп жатыр. Қазірдің өзінде 50-70-дей түк тығыздалған жоңышқа жинадық. Алайда тасымалдауда проблема бар. Мемлекет көмектесіп жатқан жоқ. Әзірше ауыл әкімдері ғана байланысқа шығып жатыр, бірақ жоғарыдағы билік жағдайға назар аудармай отыр», – деді ол.

Еске салайық, Маңғыстау облысында қуаңшылықтан мал қырыла бастаған. Өңір тұрғындары жануарларына шөп орнына картон қағаз беруге мәжбүр екенін жазғанбыз. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, құрғақшылық Қазақстанның 4 өңірінде шілдеде де болады.

Мұның алдында депутаттар қуаңшылық болып жатқан өңірлерде ТЖ режимін жариялауды ұсынған.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от құрмет (@kurmet2856)

Рубрика: