Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

18 маусымда Ақтөбеде 21 жастағы Қолғанат Әшіров жерленді. Оның денесін Оралдан әскери қызметшілер алып келді, бірақ олар жаназаға қатыспаған.

Сарбаздың туыстарының Қолғанат қызмет еткен 5517 әскери бөлімі қызметкерлеріне көптеген сұрақтары бар. Жігіт әскерге жарты жыл бұрын кеткен. Отбасымен күн сайын бейнебайланыс арқылы сөйлесіп тұрған. Жігіт бірер мәселеге тап болғаны туралы мүлде айтпаған. Ресми нұсқа бойынша, қатардағы жауынгер күзет кезінде өзін-өзі атып тастаған. Сарбазды ауруханаға жеткізгенше тірі болған, бірақ оны құтқаруға мүмкіндік болмаған.

— Оның басы толығымен мылжа-мылжасы шыққан. Өзін үш рет ату мүмкін емес. Оның өзі бұған бармас еді. Айналадағылардың бәрі: суицид, суицид дейді. Бірақ мен сенбеймін — дейді қайтыс болған жігіттің анасы Гүлшат Жұбатқонова.

Бұл оқиға туралы айтқан қоғам қайраткері Мұрат Телібеков қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың позициясын сынға алды. — Мен министр Ермекбаев әр сарбазды қадағалай алмайтынын түсінемін. Бірақ қылмысқа байланысты қатаң шаралар қабылдау оның құзыретінде бар ғой. Неге министр солдат қаза тапқан әскери бөлімге бармайды? Министрдің қателіктері үшін кешіруге болады. Бірақ немқұрайдылықты кешіру мүмкін емес, – деп қосты Телибеков мырза.

 

www.oinet.kz

Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеген сарбаз Еркебұлан Сейілхановтың қайтыс болуы мен оны жерлеуге қатысты таралған ақпаратты ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімі Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен құрамаларына жатпайды. Сол себепті Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы ақпарат бере алмайды. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қайтыс болған Еркебұлан Сейіловтің денесін жеткізу мен жерлеу рәсімдеріне қатысқан жоқ.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-каналы арқылы әскери ведомство басшылығының және Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атынан қайғылы жағдайда қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Өзіне-өзі қол жұмсау – қоғамдық денсаулық пен әлеуметтік әл-ауқаттың өзіндік көрсеткіші. Бұл жеке ұжымның ғана емес, қазіргі қоғамның да, оның ішінде әскери ұжымның да өзекті мәселесі.

Ел Қарулы Күштерінің әскери ұжымдарында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға кешенді шаралар қабылдануда. Олар әскери қызметшілердің жоғары моральдық және жауынгерлік рухын қолдауға, бейбіт уақытта қайғылы жағдайлар мен жауынгерлік емес шығындарды азайтуға бағытталған.

@modgovkz

 

Рубрика: