Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Петропавлда 93 жастағы зейнеткер алаяқтарға балконнан ірі сомада ақша лақтырған. Бұл оқиғаның мән-жайын Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 22 шілде күні кешке қаскөйлер 93 жастағы әжейді алдап соққан. Оның үй телефонына қоңырау шалып, немересін полицияға әкетіп бара жатқанын айтқан. Олар мәселені шешу үшін зейнеткерден 5 мың доллар талап еткен.

Қорыққан зейнеткер өзінің бар жиған-терген 300 мың теңгесін ұсынған. Оған балконға келген әйелге ақшаны лақтыруды бұйырған. Аңғал әжей қаскөйлердің айтқанын орындаған. Кейінірек, туыстарымен хабарласқан ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осыдан кейін Петропавлдың қарт тұрғыны полицияға жүгінген. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Қазір тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы барларды анықтап жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында «мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін» деп жергілікті тұрғынды алдап соққан алаяқ ұсталғанын жазған едік. 2021 жылдың 21-шілдесінде әл-фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол белгісіз тұлға сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп алдап, 600 000 теңге қаражатын иемденіп кеткенінін айтқан. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, қолға түсірді.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: