АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Балаларым нан деп жылайды»: Жалғызбасты ана балаларымен бірге адамшошырлық жағдайда тұрып жатыр[:]

[:kz]

 

Үш балалы Замира Дүйсебай балаларына нан таппай күнелтіп жүр. Жалғызбасты ана перзенттерімен бірге едені сыз, ыс тартқан үй деп айтуға келмейтін бір бөлмені паналап отыр. Оның өзіне төлейтін 25 мың теңгені табу үшін ұлдары мен қызын балалар үйіне өткізіп, уақытша дүкенде жұмыс істепті. Ал бүгінде балаларына ас беру үшін көршілерден картоп пен пияз сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтуынша, өзі де, тұңғыш ұлы да эпилепсия дертімен ауырады. Бірақ дәрі түгіл, нан алуға ақшасы жоқ. Балалардың әкесі алимент төлемейді, себебі заңды некеде болмаған. Өзі де мүгедектікті рәсімдей алмапты. 
Ұлын бір күн бұрын ұлын ауруханадан шығарып әкелген. Сыз үйде тұрып суық тиді, оның үстіне эпилепсиямен ауырады, дейді. Дәрі болмағандықтан, өзі де, ұлы да күніне бірнеше рет құлап қалады екен. Бір бөлмелі пәтерді жалдауға көршілері көмектесіп тұрады.

«Үлкен баламның жағдайы осындай. Мүмкін Алла Тағала менің уақытында жасаған кұнәларым үшін беріп отырған шығар. Кішкентай кезімде анам оқтау сынғанша ұрып, өзім де эпилепсиямен ауырамын», — деп жылайды Замира Дүйсебай.

Жаңа жылдың алдында балаларына нан тауып бере алмаған ана уақытша балалар үйіне өткізіп, өзі дүкенде жұмыс істеген. 
«Ол кезде дәрі ішпей, құлап қалатынмын. Балаларымды көшеде өлтіріп аламын ба деп қорықтым. Сол себепті өткіздім. Әркімнің үйінде қонып жүрдім», — дейді Замира Дүйсебай. 

Балаларын жалғыз жеткізіп отырған келіншек оларға нан тауып бере алмай, шырылдаған күндерін жылап еске алды. 

«Қызым кішкентай болатын. Емшегімде сүт жоқ. Балаларым «мама, нан» дейтін. Жылайтынмын, балаларыма нанды қайдан тауып беремін деп», — дейді өзі. 

Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында орналасқан «Ана тілегі» қоғамдық қоры, «Қамқордағы бала» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсем Жолдасбекова соңғы кездері жұмыс сұрап келетін көпбалалы аналар көп, дейді. 

«Бір ана болды, қоқыстан жинайтын. Сол кісінің жағдайын түзедік. Қоқыстан жеуге болмайды дедік. Балаларын интернатқа апарды. Осы қордың атынан санаторийге жібердік», — дейді Жолдасбекова.

Телеарна атынан Замира Дүйсебайдың мәліметтері бірнеше қорға жіберілген. Отбасыға шұғыл көмек керек.  

 

[:]