Қонаев қалалық соты Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады. Нәтижесінде оның 27 шілде күні бостандыққа шығатыны айтылды деп хабарлайды orda.kz

Бұрынғы жары, әйелі Баян Мақсатқызы оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуына келісімін берді. Есентаев үш жыл бойы пробациялық бақылауда болады.

2016 жылы Есентаевты адам өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырған еді. 2016 жылдың маусым айында продюссер Баян Мақсатқызы пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Қылмысты жасады деген күдікпен күйеуі Бақытбек Есентаев құрықталған. Оған адам өлтіруге әрекет қылды және зорлады деген айыптар тағылды.

 

.orda.kz