Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек наурыз айының ортасында Қайрат Сатыбалдыұлы қамауға алынғаннан кейін Қазақстаннан ұшып кетті деп хабарлады turkystan.kz Қаз ТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Нығматулин астанадан Атырауға жеке ұшақпен барып, одан кейін бірден Comlux компаниясының ұшағына мініп, Баку қаласына жол тартқан.

Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «ORDA News» YouTube-арнасының хабарлауынша, 15 наурызда Германияға кеткен.

Сонымен бірге ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің де елден кеткені белгілі болды. Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында деседі.

Бұған дейін Самат Әбіш пен бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қамауға алынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

 

Рубрика: