Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Армения әскерилері шекаралық аймақтан Әзірбайжан әскерилерінің Келбаджар аймағындағы позицияларына оқ жаудырды. Бұл туралы Әзірбайжан қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, оқ атудан кейін олар кері жауап қайтарған.

18 шілде күні кешке Армения қарулы күштерінің бөлімшелері мемлекеттік шекараның Басаркечяр ауданының Зярканд елді мекені бағытында өз позицияларынан Юхари Айрим елді мекені бағытындағы Келбаджар ауданында орналасқан әскеріміздің позицияларына оқ жаудырды. Әзірбайжан әскері бөлімшелерінің тиісті шараларының нәтижесінде жаудың екпінін бастық», — делінген агенттіктің сайтында.

Армения Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Ведомстваның сайтында 7 шілдеде болған атыс туралы ғана айтылған.

«7 шілде күні сағат 16:15 шамасында Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Армения-Әзербайжан шекарасының батыс бөлігінде, атап айтқанда Ельпин ауылында орналасқан армян әскерилерінің позицияларына әртүрлі, соның ішінде ірі калибрлі мылтықтардан оқ жаудырды. Армян тарапының жауап әрекетімен Әзірбайжан бөлімшелерінің атысына тосқауыл берілді. Армения жағынан зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Армения мен Әзірбайжан шекарасында оқта-текте атыс болып тұратыны белгілі. Қарабақ төңірегіндегі шиеленіс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Қарабах қақтығыс аймағында бронетранспортер мен артиллерияны қолданумен шайқастар болған кезде қайта басталған.

Рубрика: