Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстандық белгілі адвокат Айман Умарова Facebook парақшасында жаға ұстатарлық жағдайдың бетін ашты. Ол Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен Бостандық полиция бөлімшесінде жүрмін. Жағдайдан абдырап тұрмын. Нұр-Мүбарак мешітінде күзетші жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Жас жігітіттің жеке тұғасы анықталды, бірақ оған өте қиын. Жігіт 18 жаста, оның дамуында біршама кідіріс бар, басынан өткені туралы егжей — тегжейлі айтты», — дейді Умарова.

“Жігіттің айтуынша, «күзетші бөлмесіне шақырып, аяқ-қолын байлап, ұзақ уақыт бойы ойына келгенін істеген. Мұны бірнеше рет жасапты … Ол жас жігіттің дамуындағы кідірісті пайдаланды», — деді Умарова.

Адвокат күдіктіні тексеру кезінде еркіндікке жібереді деп қорқады.

Сонымен қатар, Алматы полиция департаментінде аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасына 8 шілде, бейсенбі күні арыз келіп түскенін хабарлады.

«Бұл іс сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті — 1975 жылы туған К. есімді азамат  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», — деді ПД.

Бұл әрекет үшін күдікті бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, өндіріс аясында қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған. ДП тергеу толықтық, жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі деп сендірді.

 

Рубрика: