Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Koremiz» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында сұмдық жағдай орын алды. Әйел адамды әлдебіреу ұрып-соғып, өз үйінде қан жоса қылған. Полициядан көңіліміз қалды деген жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрады. 

Қиын жағдайға тап болған Рыскүл Жанбаева «Koremiz» бағдарламасында бар шындығын жайып салды.

«Ол мені ұрған жоқ, мені аяғымен тепкіледі. Шашымды сүйреп, аяғымен тепкіледі. «Сен жәлепсің, жәлеп болғасын сіңліңді де жәлеп қылмақшысың», — деді. «Мені кімнің астынан алып едің», — деп едім. «Қыздардың бәрі жәлеп қой», деді маған ол», — деді Рыскүл Жанбаева.

 

Рыскүл Жанбаева бас ми жарақатын алған. Ең сұмдығы, оны ұрған бөтен адам емес екен. Өз сіңлісінің азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі болып шықты.

Белгілі болғандай жұдырығы жуан жігіт Рыскүлдің сіңілісін іздеп келген. Жәбірленушінің айтуынша, сіңілісін үнемі қорқытып қасында тұруға көндірген. Кетсең оңдырмаймын деп қоқын-лоқы жасаған көрінеді. 

 

 

Рубрика: