Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Австрия билігі ресейлік мұнайдан толығымен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы жергілікті OMV мұнай компаниясының ақпаратына сілтеп.

АПА агенттігінің хабарлауынша, бүгінде Австрияға негізгі мұнай жеткізуші Қазақстан болып табылады. Австрияға келетін шикізаттың 38,9 пайызы біздің елге тиесілі. Екінші орында – Ливия (22,1%), үшінші орында – Ирак (20,7%).

Бұрын Ресей 7,8% үлеспен төртінші орында болатын.

Австрия Еуропадағы Ресейден мұнай сатып алуды толығымен тоқтатқан алғашқы елдердің бірі болды.

«Адырна» ұлттық порталы

Рубрика: