Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қамқорлық органдары 35 жастағы Сарқан қаласының тұрғыны мен оның жұбайын тексеруде, бұған дейін олар төрт бірдей баланы асырап алған. Көршілердің айтуынша, балаларды болмашы нәрсеге бола жазалайды. Полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балаларды қорлау әрекеті туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Автор жазбасында Сарқанда жас отбасы балалар үйінен асырап алған жасөспірімдерді ұрып-соғатыны айтылады.

Болжам бойынша, балаларды тентектік жасағаны үшін жазалайтын көрінеді. «Отбасында балалар үйінен асырап алған төрт бала бар, оларды үнемі қорлап, ұрып-соғады. Күн сайын аптап ыстықта баланың арқасына 6 кірпіш қойып, аузына құм салады. Көршілер араша түсуге тырысып, полицияға хабарласты. Қазір қорлау әрекеттері үйде жалғасуда. Күн сайын балалардың айқайы мен еңіреп жылағанын естиміз», – делінген жазбада.

Сарқан ауданының әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Әкімдік олар құзырлы органдармен бірлесе отырып, отбасының тұрғылықты жеріне барып, мән-жай анықталғанша балаларды алып кеткені айтылған. Олардың туған анасының қайда екені әзірге белгісіз. «2020 жылдың маусым айында ерлі-зайыпты 2003, 2007, 2012 және 2014 жылы туған төрт баланы өз қамқорлығына алған. Заңнамаға сәйкес олардың туған анасы өз келісімін берген. Анықталғандай, балаға қарсы заңсыз әрекеттерді үй иесінің 17 жастағы туған ұлы жасаған, анасы бұл уақытта Талдықорғанға кетіп, үйде болмаған.

Жедел комиссия құрылды, олар балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберу туралы шешім қабылдады. Құқық қорғау органдары аталмыш факті бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде», – дейді Сарқан ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Қайратұлы.

Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағанын біле тұра азаптау) қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады. «Тергеу кезінде жәбірленуші 9 жастағы бала қорғаншылардың 17 жастағы ұлы оған физикалық түрде қорлағанын айтты. Асырап алушыларға қатысты материалдар балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға берілді.

Бүгін комиссия отырысы өтті, оның шешімімен ерлі-зайыптылар қорғаншылықтан айырылды», – деп хабарлады ведомтсвоның баспасөз қызметі. Полиция бозбаланың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу барысы Алматы облысы ПД басшылығының бақылауына алынды.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: