Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Журналист Әсем Жәпішева Абай ауылына барып, 2017 жылы төрт жасөспірімнің зорлығына ұшыраған баланың әжесімен сөйлесіп қайтқан. Тілшінің материалы The Village басылымының сайтында жарияланып, үлкен резонанс тудырды. Атап айтқанда, мақалада отбасының әлі күнге дейін ауылдағы ескі баспанада тұратыны, ал баланың үйден шықпайтыны айтылған. Бұл фактілерді бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір зорлық құрбаны болған бала 10 жаста. Ал 2017 жылы жасы 7-де еді. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған болатын. 

 

Оны зорлаған 7-8 сынып оқушылары баланы жасырынғанына қарамастан дәретханада күтіп, арам ойларын жүзеге асырып жүрген. Нәтижесінде бала мектепке баруын мүлдем тоқтатты. 

«Бұл жағдай алты айға созылды», — дейді баланың әжесі. — Мен қанша рет ол жігіттің анасына, мектеп директорына, мұғалімдердерге барып, зорлық-зомбылықты тоқтатуға көмектесулерін, шара қабылдауларын өтіндім. Тіпті, болмаған соң полицияға, әкімдікке, прокуратураға жүгіндім. Бірақ, менің сөзімді ешкім құлағына ілмеді. Ана балалар немеремді ұрып-соғып, зорлық әрекеттерін жалғастыра берді».

«Жеті жасар бала оқыған мектептің директоры бұрынғы белгілі аудан депутаты, марқұм Селтановтың келіні – Бейбіткүл Селтанова болды. Ал оның ұлы Бауыржан облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы. Селтановтың өзі аудандық мәслихаттың депутаты болған. Оқиға осындай беделді адамдармен байланысты болғандықтан, барлығы үндемеуге тырысты», — деп еске алады журналист Амангелді Батырбеков.

Отбасына қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан лауазымды тұлғалар жазасыз қалды. Тіпті жұмыстан шеттетілген мектеп директоры бірнеше айдан кейін қызметіне қайта оралған. Барлығы үшін небәрі 900 000 теңге көлемінде өтемақы төлеген


Үш күдіктіге қатысты іс олардың 14 жасқа толмауына байланысты тоқтатылды. Сотталушылар орындығында 14 жасқа толған жасөспірімнің біреуі ғана отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Зәбір көрген баланың әжесінің айтуынша, сотталушының анасы оған әлі күнге дейін қолына балтасын ұстап келіп, қауіп төндіретін көрінеді.

«Біресе балтамен, біресе пышақпен келеді. Ұлын түрмеге отырғыздық деп бізді қарғайды. Кеше ғана келіп кеткен. Бірақ полиция оған ештеңе істей алмайды. Не істей алады? Немерем мүлдем сыртқа шықпайды. «Еуразия» телеарнасы оның бет-әлпеті мен шын есімін көрсетіп тастаған соң, бәрі саусағын шошайтып күледі«, — дейді баланың әжесі.

Қарт әже қызының Алматыда жалдамалы бөлме таба алмай жүргенін айтады. 

«Көптеген адамдар, соның ішінде бізде оларға пәтер берілгеніне сенімді болдық. Бұл туралы БАҚ-та хабарланған болатын. Бірақ әлі күнге дейін сол ескі үйлерінде тұрады. Тек бір ғана өзгеріс бар. Ол баланың енді сыртқа шыға алмайтындығы. Бұнымен қоса түрмеде отырған зорлаушының анасы ішіп келіп, жанжал шығарып тұратындығы», — деп жазады журналист мақалада.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Бала анасымен бірге осы жылдар бойы Алматыда тұрады. Бізге бұл белгілі жайт. Өйткені олар қор еріктісі тегін беретін пәтерде тұрады. Әлі күнге дейін көшпеді. Бала мектепте оқып жүр. Денсаулығы жақсы, анасы жұмыс істейді. Біздің қор баланың психологпен жұмыс жасауы үшін ақша төлейді. Бүгін баланың анасымен сөйлестім. Қазір Алматыда. Демалыста екеуі әжесіне қонаққа барған. Ол анасынан сұқбат алынып, мақала жазылғаны туралы ештеңе білмейді», — дейді ол. 

Саин баланың анасы болған оқиғаға қатты қапалы болғанын айтады. Әйел қорқынышты оқиғаны ұмытуға тырысып жүрген көрінеді. 

Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі уәкіл заңгерлердің зорлық-зомбылық фактісі туралы үндемеуді шешкен шенеуніктерді жауапқа тартуға тырысқанын жеткізді. Бірақ өтініштер еш нәтиже бермеген. 

Рубрика: