Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің кейбір өңірін жайлаған қуаңшылыққа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Ауа райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда”, – деді министрлік өкілдері.

 

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмектесуге шақырды. 

“Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді. Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады”, – дейді министрлік хабарламасында.

Реквизиттерді мына сілтеме бойынша көруге болады. 

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Шенеунік жем-шөп бағасының өсуіне бұқаралық ақпарат құралдарындағы кейбір жарияланымдар кінәлі екенін айтты. 

Рубрика: