АЛТЫНОРДА
Спорт

[:kz]Ауыл балаларының боксы жұртты күлкіге қарық қылды (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде кішкентай балалардың бокстасқаны жарияланды. Жеткіншектер өздерін кәсіпқой рингте жүргендей сезінеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Facebook желісінде пайда болған видео ауылда түсірілген. Онда жас балалар аулада бокстасып жатыр. Мансұр Еркін мен Дамир Асхатұлының жекпе-жегі желі қолданушыларын күлкіге батырды.

Бір-біріне соққы жасап жатқан олардың әрекетіне жымимай қарау мүмкін емес. Өйткені олар өздерін нағыз кәсіпқой боксшылар секілді ұстайды.

Ал желі қолданушылары «Болашақ чемпиондар», «Бақтары жансын», «Балалық шағым есіме түсіп кетті», «Бұл жігіттер ертең ел намысын қорғайды» — деп түрлі пікір қалдырып жатыр. Бейнежазба еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

[:]