Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулдан ақшаға толы машиналармен қашып кеткен, ал өзімен бірге алып үлгермеген қалған бөлігі әуежайдың ұшу алаңында қалып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Биліктің құлдырауына тоқталатын болсақ, бұл мәселені тым қатты күрделендіріп жіберген Ганидың Ауғанстаннан қашып кетуі: президенттің төрт машинасы ақшаға толы болды, олар ақшаның екінші бөлігін тікұшаққа тиегісі келгенімен барлығы сыймай қалды. Осылайша ақшаның жарты бөлігі ұшу айлағында қалып қойды» , – деді дипломатиялық миссияның баспасөз хатшысы Никита Ищенко.

 

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары экс-ішкі істер министрі Әли Ахмад Джалали Ауғанстанның өтпелі әкімшілігін басқарады деп жазды, бірақ Талибан өкілдері уақытша үкімет құру туралы талқыламағанын айтты. Ішкі істер министрлігі билікті бейбіт түрде беруге уәде берді, ал түстен кейін Талибандар мен үкімет арасында келіссөздер жүргізілді.

 

Рубрика: