Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жамбыл облысында Тамды ауылының әкімі берген сұхбат желіде қызу талқыға түсті. Елдімекенде жарықтың жиі өшуіне байланысты қойылған сұраққа жауап берген Рауан Асқаров Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылған. Шенеунікпен «Хабар 24» телеарнасының тілшісі тілдескен. Тамды ауылының тұрғындары жарықтың жиі өшетініне шағымданған. Телеарна тілшісі жарықтың не себепті сөнетінін ауылын әкімінен сұрап көрген.

Рауан Асқаровтың сөзінше, бұған трансформаторларға қанатымен тиіп кететін қарғалар кінәлі. Сондай-ақ, әкім мәселені қалай шешуге болатынын білмейтінін айтады. «Өйткені қарға трансформаторға тиіп кетеді де, шиеленісіп, жарық өшіп қалады. Ол қанатын жайып ұшып бара жатқанда темірге тиеді», — дейді әкім. Осы ретте журналист «Қарға жақындамас үшін қоршау керек пе, не істеу керек?» деп сұрайды.

Асқаров болса «Қоршаулы тұр ғой, мәселені қалай шешетінін білмеймін» деп жауап берген. Әкім тілшінің «Ауданнан сұрайын ба?» деген сауалына басын изеп жауап қайтарған. Әкімнің бұл видеосы желіде лезде тарады. Қазақстандықтар оның сөзін әртүрлі қабылдаған. «Мүмкін емес!», «Тұлып қою керек шығар», «Қарғалар басқа жерде ұшпайтын секілді», «Міне әкім, шынын айтты», «Өтірік айтқан жоқ», — дейді желідегілер.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: