Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

«Қалаулым» жобасының арқасында қосылған Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ата-ана атанды. Атышулы бағдарламада табысқан ерлі-зайыпты ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықты жас ата-ана Instagram парақшасында бөліскен. Шынар Меджанова перзентханадан алғашқы фотосын жариялап, елден сүйінші сұрады.

«Алла бере салғаным, қош келдің. Иісің неткен ерекше», — деп жазды ол. Ислам Алтайбаев та өзіне ұл бала сыйлаған келіншегіне алғысын білдіріп, құттықтап жатқан барша жанға рахмет айтты. «Аллаға сансыз шүкір. Құттықтаулар алып жатырмын. Салиқалы ұрпақтан болсын.

Ұлды аман-есен туып бергені үшін анасына рахмет. Адамның дегені емес, Алланың қалағаны болады деген осы шығар», — деп жазды ол.

Скриншот: Instagram/islam_altaybaev

Белгілі болғандай, Шынар Меджанова өзінің туған қаласы Семейде босанған. Ал ұлының әкесі қазіргі уақытта Қызылордада жүр. Оған қоса ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған. Жас ата-ана әзірге бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: