Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаева күйеуінің ет аса алатынын айтып, мақтанды.

Жас келін күйеуінің ет асқанын instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

«Шеркештің жігіттері пысық деймін» деп жазған жас келін, күйеуінің етті өз қолымен дайындағанын видеоға түсірген.

Күйеу бала да «Саламатсыздар ма? Ассалаумағаликум» деп қазақша амандасып, бірден іске кіріседі. Тіпті ет асудың қыр-сырын әбден меңгеріп алса керек, етті тұзды суға жуып, қазанға салады. Ет әбден қайнап піскенше, нанын илеп жазады. Пысық күйеу бала оны қалай дайындайтынын да көрсетіп қойыпты. Осылайша қамыр илеп, нан жазып, келіншегіне ет асып берген күйеу бала желі оқырмандарын тәнті етті.

 

Олар «Мәләдес күйеу бала», «Өлмейтін күйеу бала», «жарайсың Джесси» «Керемет, бақытты болыңдар» деп жылы лебіздерін жаудырған. Тіпті қыз-келіншектер өздерінің бұлай нан илей алмайтынын айтыпты. «Нағыз қазақ болып алыпты өзі» деп таңқалғандар да жоқ емес. Ал енді біреулері «етке асқабақ пен сәбіз қосса дәмді болады» деп, ақыл айтқан.

Бұған дейін күйеу баланың ыдыс жуып, бар шаруаны өзі істейтінін жазған едік.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zaida (@5rochka)

Рубрика: