Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Елді елең еткізген бейнежазбаны арнайы мекеме қызметкерлерінің өздері түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Оқиғаның мән жайын Ұлбике Бисекенова есімді Атырау қаласының тұрғыны айтып берді. Әйел бұған дейін Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында көмекші-тәрбиелеуші болып қызмет еткенін айтады. Оның айтуынша, орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар бар алайда оларға мекеме қызметкерлері тиісті күтім көрсетпейді. Әйел өз сөзіне дәлел болу үшін науқас балаларды жаялықтармен мүгедектерге арналған дәретхананың тұтқасына байлап қойған бейнелерді ұсынды.

 

Екінші кадрдан белгісіз ер адамның мекемеден шелек көтеріп шығып бара жатқанын көруге болады. Әйел сонымен қоса бұрынғы ұжымын ұрлық жасайды деп айыптады.

«Мүгедек балаларға өте нашар қарайды, олардың жағдайы жасалмаған. Олар үшін күндігі өтіп кеткен тауарларды сатып алады, ал тексеру келе қалса, жаңа заттарды қойып барлығы жақсы деп өтірік айтады. Оларды жаман, былапыт сөздермен балағаттайды. Мен балаларға деген мұндай көзқарасқа қатты таңқалдым, өзімнің келіспейтінімді ашық білдіріп, жағдайды дұрыстауды қолға алғандарын талап еттім. Өйткені ол балалар онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған ғой, ал қызметкерлердің бұл әрекеті бұған қосымша әсер етеді» ,- деді Ұлбике Бисекенова.

Ол мемлекеттің мүгедек балалардың жағдайын жасауға оның ішінде – тамақтануға, киіндіруге, баспанамен қамтамасыз етуге миллиондаған қаржы бөлетінін, алайда бүлдіршіндер бұл көмекті тиісінше алмайтынын жеткізді.

«Мен директордан тәртіпті орнатуын талап еттім, алайда бұл орындалмады. Мен бірнеше рет балаларды дәретхана ұстағыштарына байлап қойғанының куәсі болдым. Бұл жайында бірден директорға хабарладым да, бірақ ол менің арызымды елеген жоқ. Байғұс балаларға олай қарауға болмайды ғой» ,- деп қосты әйел.

Әйелдің айтуынша, ол өзінің талаптарын білдіре бастаған бойда мекеме басшылығы еңбек шартын ұзартпауға шешім шығарған. Әйел қала әкімдігіне жүгінгенімен ол жақтан да қайран болмаған.

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орын алған жағдайға қатысты түсінік берді. Бөлім бастығының орынбасары Альфия Байғанина бұл видеоны Ұлбике Бисекенова шынымен 2021 жылдың сәуірінде түсіргенін айтты.

«Біз тергеу жүргізіп, соның нәтижесінде мекеме директоры өз қызметкерлеріне тиісті бақылауды сақтамағаны үшін қатаң сөгіс алды. Көмекші-тәрбилеуші қызметкер қалаған уақытында балаларды бейнежазбаға түсіріп алады. Сонымен қатар, орталықта ұрлық болған, 100 литр бензиннің талон қағазы қолды болған және Ұлбике Бисекованың бұған қатысы бар» ,- деді Байғанина.

Ол сонымен бірге аталған видео басшылыққа шілде айында берілгенін айтты.

«Біз қызметтік тексеру жүргіздік, сол күні кезекшілікте болған тәрбиешілер балаларды байлағанын жоққа шығарады. Оқиға болған күні көмекші-тәрбиеші олардан заттарды алып келуді өтінген, бірі балаларға кешкі ас алып келуге ал екінші тәрбиеші басқа жұмыстармен кетіп қалған. Нәтижесінде Ұлбике Бисекенова жалғыз қалған және біз бұл жерде үшінші адамның қатысы бар деп күдіктенеміз, мүмкін бұл Ұлбике Бисекенованың өзі шығар» ,- дейді Байғанина.

Сондай -ақ, мекеме директоры полиция таралған бейнематериалдарды зерттей бастағанын атап өтті. 

Рубрика: