Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Атырау облысының әкімдігі өңір басшысының орынбасары Бақытгүл Хаменованың қылмыстық ісіндегі Абай Құнанбаев ескерткіші туралы айтып берді, деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

Ведомствоның мәліметінше, ескерткіш орнату бастамасын тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша облыстық комиссиясы көтерген.

2018 жылғы 14 мамырда ұсыныс Мәдениет және спорт министрлігіне жолданған. Сол жылдың шілде айында ұсыныс мақұлданған. «2019 жылғы 22 сәуірде ашық конкурс жарияланып, 20 қарашада комиссия сәулетші Асқар Нартовтың жобасын таңдады. Екі жылдан кейін қалалық мәдениет бөлімі «Балқыту» ЖШС-мен 145 миллион теңгеге келісімшартқа отырды. Биыл 72 млн 499 мың теңгесі бөлініп, игерілді. Қалған бөлігі 2022 жылдың бюджеті есебінен қарастырылады», — деп хабарлады әкімдіктен. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі 11 метрді құрайды, салмағы – 5 тонна.

Бақытгүл Хаменованың ұсталуына байланысты ескерткіштің салтанатты ашылуы 27 желтоқсанға шегерілген.

Фото: Тәуірбек Бозекенов/azh.kz

Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Кейін Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді және бұл шешімін түсіндіріп өтті. Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып, 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған еді.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: