Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресейлік «Новая Газета» басылымы қазақ ақыны, қайраткер Олжас Сүлейменовтің пікірін әлеуметтік желіде жариялады. Ақпарат агенттігінің өкілі Александр Алексин өзінің Facebook-парақшасында Сүлейменовтің Қазақстандағы саяси жағдайларға қатысты айтқан сөзін көпшілікке ұсынған деп хабарлайды  qonaev.info  ақпараттық порталы 

Ақынның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі фэйк-каналдар оның атынан түрлі мәлімдемелер жасап жүр екен. Мәселен, «Олжас Сүлейменов Nur Otan партиясының съезінде сөз сөйледі», «О.Сүлейменов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанды құтқарып қалғаны үшін Батыр атағын беруді ұсыныпты» деген жалған ақпараттар тараған-мыс. Алайда, олардың бірде-бірі қайраткердің аузынан шықпаған.

«Мен ешқашан Nur Otan партиясының мүшесі болған емеспін. Өзімнің бірде-бір материалымда астананы «Нұр-Сұлтан» деп атамағам, Фурманов көшесін жаңа атауымен атамағам. Қаңтар айында болған оқиғаларға қатысты пікірімді міндетті түрде өзім айтатын боламын, бірақ фэйк-каналдар арқылы емес», — депті Олжас Сүлейменов ресейлік БАҚ-қа берген пікірінде.

Рубрика: