Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қиын-қыстау кезеңде «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударып, өз бастамасын қолдаған жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзінде азаматтық жауапкершілік танытқан кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізді. 

«Қорға қаржы салымын жасаған кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Осылайша сіздер елімізде қайырымды көмекке мұқтаж жандарға қатысты азаматтық жауапкершілік танытып жатсыздар», — деді президент. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы қайырымдылық акциясын назарға алмаған «бай-бағландарды» сынға алды. 

«Онымен қоса, олигополияның бір бөлігі, тіпті оның бейнесі болып табылатын бизнестегі көзге көрінетін кей тұлғалар мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қосылуға асықпайды. Бұл не? Ашкөздік, нигилистік, селқостық әлде менсінбеушілік пе?» — деп сынға алды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды. Ол партияның кезектен тыс XXI съезінде 2022 жылдың соңына қарай Nur Otan партиясының төрағасы қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты.

Рубрика: