Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Белгілі тележүргізуші Аша Матай осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған жол апатын еске түсірді.

Бұл туралы ол Бірінші арна Еуразия арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Жол апаты. Мен өзімде рөлде отырған жоқпын. Айдар ағамның жақын досы — Жанболат деген ағам отырған. Сол кезде жол апатына ұшырадым. Мен соны ұзақ уақытқа дейін кешіре алмадым. Біразға дейін Жанболатты кешірмедім, Жанболаттың тіпті анасы да келді. Ол кезде ауруханада жатқан болатынмын. Ауруханаға келіп, анасы «Балаларымды кешір», — деді ананың жүрегі әрдайым баласы үшін жылайды. Сол себепті анасына «Мен кешірдім, бәрі жақсы болады», — деген болатынмын. Анасына басқаша айта алмадым, бірақ ол кісіге өтірік айттым. Мен өмірден кетіп қалсам туғандарым не істер екен деген уайым болды. Ол кезде тіпті әкем менімен сөйлеспей де қойған. «Неге рөлде өзің отырмадың? Кешке дейін қайда болдыңдар?», — деген сияқты. Ол кезде жақын достарымыздың тойы болған, сол тойдан қайтып келе жатқан сәт болатын. Содан кейін 1 айдың көлемінде жадымды жоғалтып алдым. Мен үшін қиын кезеңдердің бірі болатын. Содан бастап әр жыл сайын бас ауруым болады.»

 

 

Рубрика: