Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Грузия азаматы Бесик Тордуа түрмеде өлі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Грузия-ға сілтеме жасап.

Қазіргі таңда арнайы пенитенциарлық қызмет болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Айта кетсек, 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузиядағы үйінің терезесінің астынан өлі табылды. Бойжеткен ол жаққа көлік сатумен айналысатын автосалонға жұмысқа кеткен. Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, қорқытқанын айғақтайтын аудио жіберген.

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ іс бойынша күдіктілердің қатарында Грузия азаматы да бар.

Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберді. Кей мәлімет бойынша, Әсел адам саудасының құрбаны болған.

Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өз бақылауына алды.

 

Рубрика: