Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Арыс стансасында жүк вагонынан шыққан өрттің алдын ала себебін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алдын ала нұсқа бойынша жөнелтуші жүк тиеудің техникалық шарттарын бұзған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ апаттың себебін тексеру үшін комиссия құрды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

«Қазақстанның контейнері Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жөнелтілген, одан әрі Үндістанның Нава-Шева теңіз портына жеткізілмек», – деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.

ҚТЖ мәліметінше, Түркістан облысында өткел кезекшісі Түлкібас – Арыс учаскесіндегі контейнер өртеніп жатқанын байқаған. Бұл жағдай сағат 15:25-те болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 19:22-де өрт оқшауланды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жергілікті әкімдік шағын аудан тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдаған болатын.

«Арыс қаласының Наурыз шағынауданында (халық саны 4 мыңға жуық) және Хлопком кентінде (халық саны 6 мыңға жуық) 4 эвакуациялық пункт ұйымдастырылды.

4 мектеп ғимаратында 8 мың орын әзірленді. Эвакуацияланғандардың саны нақтылануда, көбі туыстарының үйін паналап жатыр.

Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша, жедел штабтың шұғыл желісіне ақпараттық сипаттағы 2 қоңырау келіп түсті. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ресми мәліметте.

Рубрика: