АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Ара шаққан соң автобус рөліне ие бола алмаған шымкенттік жол апатын жасады [:]

[:kz]

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушылар тасымалдап келе жатып, жол жиегіндегі кедергіге соқтығысқан. Анықталғандай, келеңсіз жағдайға араның шағуы себеп болған, деп хабарлайды Қазақпарат. Жол көлік оқиғасы кеше 22 сәуірде сағат 10:30 шамасында болған.

Тұрар Рысқұлов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында Түркістан транспорттық компаниясына қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге (бордюр) соқтығысқан.

Жауапты сала өкілдері шұғыл оқиғаның мән-жайын анықтағанын хабарлады. Қоғамдық көлік жүргізушісін жолаушылар тасымалдап келе жатқан уақытта ара шаққан.

Соның салдарынан ол уақытша есінен танып, рөлге ие бола алмай қалған. Абырой болғандай, оқыс оқиғадан автобус салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ. Ал жүргізушіге медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты. 

 

[:]