Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Мешіттің түр сипатын блогер Өркен Кенжебек әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп баяндады. 

«Астанамыздағы бас мешіттің ашылу сәтіне үлгермесем де, есігін айқара ашқан күніне
үлгердім-ау. Қазақстандағы ғана емес, Орталық
Азиядағы ең үлкен мешіт екенін бәрі біліп алды ғой,
мен басқа детальдарын жазайын.

Біріншіден, бас күмбезге көк түс оралыпты. Әйтпесе, кейінгі салынған мешіт күмбездерін алтынсары қып тастау сән боп кетіп еді. Мен үшін сары күмбез православ шіркеулерімен ассоциацияда бәрібір. Ал, біздің күмбездің биіктігі 83,2 метр да, диаметрі 62 метр. Бұл дегенің.. ө-өт-ее үлкен.

Мысалы, Ердоған алты жыл бойы ай сайын өзі
қадағалап салдыртқан Ыстанбұлдағы Чамлыджа
мешітінің күмбез биіктігі 72 метр де, диаметрі 32
метр ғана. Расымен де, әлемдегі ең үлкен
күмбездердің бірі мынау. Төрт мұнарасының
әрқайсысы 130 метр биікке шаншылып тұр.
Мысалы, қасиетті Меккедегі әл Харам мешітіндегі
мұнаралардың биіктігі 95 метрден аспайды.
Айтпақшы, бір мұнарасына лифтімен көтерілуге
болады екен. Ақылы қылу керек. Мешіт ақша табуы
керек.

Енді мешіттің кіреберіс есіктері әлемдегі ең биік
ағаш есіктердің бірінен саналады. Африканың
тропикалық белдеуінде өсетін ироко деген өте
тығыз ағаштан, қолмен ойылып жасалған. Әр есігі
1,5 тонна салмақ тартады. Михраб тұстағы
қабырғада Алла тағаланың 99 көркем есімі жай
жазылып тұрған жоқ. Ол және сол қабырға 25 млн
түрлі-түсті шыныдан құралған. Мозайка ғой.
Едендегі кілемнің көлемі 15 525 шаршы метрден
асады. Ол да әлемдегі қолмен тоқылған ең үлкен
кілем деген атаққа таласып тұр.

Жаңа Зеландиялық қойдың 100% жүнінен
тоқыпты, ой, пәлі.. Төбедегі бас люстраң салмағы 20
тонналық хрустальдан. Қысқасы, әлемнің қанша
мешітінде болып жүрмін ғой, мынау сол әлемдік
деңгейдегі ғибадатхана болыпты, рас. Бұның бәрі
бос мақтаныш, егер іші жамағатқа толмаса. Әмин,
толсын, артылсын!», деп жазды. 

 

Рубрика: