Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Imanbek туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқапов пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Кейінгі болған жайттарға байланысты пікір білдіруді ұйғардым. (…) Біріншіден, бұл жерде менің не қатысым барын түсінбеймін. Бұл жанжалға менің не қатысым бар? Ол сұхбатты мен берген жоқпын, ол сұрақтарға жауап берген мен емес. 

(…) Негізі менің түк қатысым жоқ. Жалпы осындай жайт болғаны өкінішті. Екіншіден, мен анамның айтқанымен келіспеймін. Мен оны бірден сол күні сұхбатты көрген кезде айттым. Мен анама келіп, оның айтқаны қате екенін айттым. Неліктен? Себебі, біріншіден, анам айтқан музыкалық сауаттылыққа байланысты айтар болсақ, меніңше, «Грэммиде» үміткерде музыкалық білімі бар ма, жоқ па бәрібір секілді. Кез келген сәтте, бұған дейін де дарынның болуы маңызды. «Грэммиді» тек дарының болса аласың. Диплом не бэкграундтың түкке қажеті жоқ. Иманбектің жағдайында да ол факт», — деді Әли Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

Әли анасының «сәттілікке» қатысты айтқан сөзі туралы ойын айтты.

«Сәттілікке қатысты, кез келген адамның өмірінде сәттілік үлкен роль атқарады. Иманбектің жағдайында да сол. Айтпақшы, бұл туралы өзі де айтқан болатын. Ол бір сұхбатында бастапқыда жай ремикс жасап, оны «ВКонтакте» желісіне жүктеп, бірнеше уақыттан кейін бір паблик оны көріп, сосын тарай бастағанын айтқан. Яғни ол паблик ремиксті байқамағанда не болар еді? Одан бөлек Желіде өз тыңдарманын таба алмай жүрген қаншама мықты ремикс бар? Сондықтан бұл жерде сәттілік факті де бар», — дейді Әли.   

Еске салайық, жақында әнші Роза Рымбаева Azattyq Rýhy порталына берген болатын. Сұхбат барысында ол Иманбек Зейкеновтің өнеріне байланысты пікір білдіріп, ол «сәттілік» қана деп атаған еді.

«Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты», — деген еді Рымбаева.

Артынша Imanbek Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берген еді.

«Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім», — деді Imanbek.

Рубрика: