Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл фото әншінің Instagram парақшасында жүктелді. 

Алтынай Жорабаева бір күнде дүниеге келген қос қызы Аяулым мен Семанұрды туған күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады.  — Аллаға мақтаулар мен мадақтар.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Бүгін, Қос қарлығашым, екі Қызғалдағымның туған күні! Өмір гүлдерім, Алла бере салғандарым туған күндеріңмен! Дәл осы күні АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН мені ана атандырған, осындай сезім сыйлаған сендерсіңдер. Аяулым, жаны аяулы ерекшем, тұңғышым. Сен менің өзімдейсің. Саған қарап өзімді көрем. Сырласым да өзің. Қолдаушы құрбым да өзің. Сіңілілерің саған қарап бой түзейді, сондықтан саған артар сенім мен үміт үлкен. Нәзік гүлім Семанұрым, қылықтым.

Осы нәзік, ерке, қылықты қалпыңды сақта қызым.

Күн сайын маған бақыттың таратар нәрін, Сендерсің менің бақытым, балапандарым. Қызығын ғана көріңдер өмірдің мына, Батаға ғана жайылсын алақандарың. АЛЛА ТАҒАЛАМ ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АБЫРОЙЫН, БАҚЫТЫН БЕРСІН — деп жазды әнші.  Әншінің аналық ниет, ыстық лебізіне желі қолданушылары да қосылып, қос қызының туған күніне тілектерін жаудыруда. — «Қос қарлығаштарыңның туған күндері құтты болсын Алтыным! Алла екі дүние бақытымен сүйіншілесінші», «Құтты болсын, менің қыздарымда тез өсіп қолқанаттарым, сырластарым болса екен», «Құтты болсын қыздарыңыздың туылған күні,өзіңіз сияқты сұлу», «Бақытты болсын балапандар! Ананың бақыты бала ғой!», «Құтты болсын туылған күндері әдемі ,ақылды қыздарыңыздың . Жастары ұзақ боп , қуанышқа бөлей берсін сізді» — деп жазды желі қолданушылары. Жүсіп Ақшораның жаңа образы мен биі желіні шулатты (видео)

 

www.oinet.kz

 

Рубрика: