Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыдағы шіркеулердің бірінде тегін таратылған киімдерді алуға 500-ге жуық ата-ана келген. Кезекке таласып шу шығарғандардың көбі – ауылдан келген қазақтар. Әр ата-ана жандарына 5-6 алты баладан ертіп келген. Алайда әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың бәріне шіркеу таратқан киімдер жетпей қалғандықтан, халық дау шығарып, ұйымдастырушылар полиция шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ешқандай құжат керек емес. Тек 14.11.21 күні сағат 11:00-де барасыз. Керек киімдеріңізді тегін аласыз. Мектепке арналған қыстық киімдер де бар. Алматылықтар, басқа топтарға таратыңыздар. Таныстарың, көршілерің көпбалалы болса немесе жағдайы төмен отбасы болса келсін», — делінген хабарламада.

Алайда жылдам тараған жарнаманы естіген Алматы облысының тұрғындары таң атпай қаладағы шіркеуге ағылған. Киім алмақ түгілі ғимараттың есігінен кіре алмай қайтқан халық дау шығарған.

«Киімнің бар саны 30-дай, оның өзі шіркеуге келген елден жиылған киілген киім-кешек. Ал баламызды киіндіреміз деп келген жұрт 500-ден асады. Әлбетте, алғашқы 20 адам алғанын алды, қалғаны киімсіз қалды. Жұртты дүрліктіріп мынадай хабарлама таратқан кім? Мұндай әлеуметтік шараның артында кім тұр? Мақсаты не? Құзырлы органдар анықтасын», — деді белгілі журналист Гүлмира Әбіқай.

Әлеуметтік акцияны ұйымдастырушылар аталған жағдайға қатысы кейінірек түсініктеме беретіндерін мәлімдеді.

Рубрика: